jasqazaq.kz

«Abu Dhabi World Jiu-Jitsu Championship 2019» әлем біріншілігі өз мәресіне жетті

25 сәуiр 2019, 18:37

БАӘ, Әбу-Даби қаласында бразилиялық джиу-джитсудан балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «Abu Dhabi World Jiu-Jitsu Championship 2019» әлем біріншілігі өз мәресіне жетті.

Алматыдан аттанған спортшылар 10 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль қанжығалады. Чемпиондардың барлығы спортшы әрі бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров жетекшілік ететін «Sagadat Batyr – QTT» клубының шәкірттері. Жеңімпаздар қатарында аталмыш спорт түрінен әлемнің екі дүркін чемпионы Жібек Құлымбетова сондай-ақ, былтырғы әлем чемпионатның қола жүлдегері Алина Махамбет бар. Биылғы бәсекеде Алина Махамбет алтыннан алқа тақты. Айта кету керек, былтырғы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанған Бекзат Жаманбай бұл жолы да бағын сынап көрді. Жарыс барысында жақсы нәтиже көрсеткенімен қарсыластары одан басым түсті.

«Шетелдіктер Еліміздің жас спортшыларының өнеріне тәнті болды. Жергілікті басылымдар біздің чемпиондар туралы жарыса жазуда. Біз әрине өте қуаныштымыз. Серіктестік туралы түрлі ұсыныстар да түсіп жатыр. Барлық ұсыныс қаралады. Бұл бәсекеде шәкірттерім барын салып, әлем аренасында көк байрағымызды желбіреткені мен үшін үлкен бақыт. Бұл клубымыздың бапкерлері Самат Айтпанбет, Диас Қанайбеков пен Елжан Жұмаділ және Қазақстан Джиу-джитсу Ассоциациясының басшыларының жетістігі деп білемін. Бұл спорт қазір Елімізде қарқынды дамып келеді. Ауқымды шаралар жиі ұйымдастырылады. Мұндай жарыстардың арқасында жас спортшылар кәсіби біліктілігін арттырып, шыңдала түседі» — дейді бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Орынбасаров «Нұр Отан» партиясының Іле аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ерболат Тұрымбетов пен «Qazaqstan Top Team» Джиу-джитсу академиясының президенті Арлан Шабдарбаевқа Қазақстанда бұл спорттың дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғыс білдірді. Аға буынның қолдауымен Алматы облысында жалпы республика аумағында жақын шетел мен қала, облыс аралық жарыстар жиі өткізілуде.
Чемпионат қорытындысы бойынша алтын алқа иегерлері: Мағжан Марат, Әмина Қаухарбек, Әмір Баймұхан, Малика Сәлімова, Балайым Құмар, Жібек Құлымбетова, Алина Махамбет, Арсен Жүнісов, Санжар Әбуханов және Ибрагим Асылбеков.
Күміс алқа: Гамзат Шабанов, Вадим Фахрудинов, Таймас Сәлімов, Бексұлтан Мадами, Бекжан Жаманбай.
Қола жүлде иегерлері: Ерасыл Қабышұлы, Нариман Дауылбаев, Бекнұр Нұрлыбек, Аңсар Нұртаң, Абдулла Баятанов, Алихан Жаманбай, Ғалымжан Мелесов.
Айта кетейік, Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионаты ересектер мен джиу-джитсу ардагерлері арасында да өтіп жатыр.

БАӘ, Әбу-Даби қаласында бразилиялық джиу-джитсудан өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізгенін айтқан едік. Тағы да ақжолтай хабар келді. Ересектер додасымен жалғасқан әлем біріншілігінде тағы бір спортышымыз қола жүлдеге ие болды. Күлгін түсті белбеу иегері Самат Айтпамбет 56 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жеңіс жолында екі бразилиялық азулы спортшымен кездесіп, екеуін де тізе бүктірді. Үшінші қарсыласы тағы бір бразиялиялық спортшыдан екі ұпай айырмашылығымен жеңіліс тапты. Қола жүлде үшін күресте араб джитсерімен күш сынасып, басымдық танытты. Қола медаль мен қатар мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы жеңіп алды.
Айта кету керек, Самат Айтпамбет — Нұрсұлтан Орынбасаров жетекшілік ететін «Sagadat Batyr – QTT» клубының спортшысы әрі бапкері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде