jasqazaq.kz

Әбу-Даби қаласының көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешіті

14 наурыз 2019, 10:58

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев өткен жыл екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін жемісті болғанын атап өтті.
«Біздің жиі кездесулеріміз бен бауырластыққа және сенімге негізделген тығыз қарым-қатынастарымыз барлық салаларды жан-жақты дамытуға тың серпін беруде. Былтыр біз өзара сапар жасап, маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Солардың іске асырылу барысы толық көңілден шығады», – деді Қазақстан президенті.
Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян Біріккен Араб Әмірліктеріне шақыруын қабыл алғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, конфессияаралық келісім мен әлемде диалог орнату ісіндегі Қазақстанның рөлін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Әбу-Даби қаласының көрікті жерлерінің бірі – шейх Заид мешітін аралап көріп, осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның рухына тағзым етті.
Нұрсұлтан Назарбаев мешіт ғимаратының архитектуралық ерекшелігімен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
Айта кетейік, мешітке бір уақытта 50 мың адам сыяды. Ғибадат орнының бұрыштарына биіктігі 107 метр болатын төрт мұнара орнатылған. Бас ғимараттың сыртқы қабатын ақ мәрмәрмен көмкерілген 82 күмбез жауып тұр. Мешіттің ішкі аумағы 17 400 шаршы метр.

Sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде