jasqazaq.kz

Абортқа ақша бермеген сүйіктісін пышақтап тастады

03 мамыр 2018, 17:33

Шығыс Қазақстан облысы Глубоковсий ауданының Ушанов ауылында әйел адам мас күйдегі көңілдесінен аборт жасауға қаражат сұрапты. Ер адам ақша бермейтінін айтып, ұрып соққан.

Осы кезде әйел ер адамға пышақ салыпты. Бұл туралы YK-news.kz ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Портал мәліметінше, ер адам жиі ішімдік ішіп, әйелді ұрып соғатын болған. Жұптың екі баласы болған, әйел үшіншісінен құтылуды көздеген. Желтоқсанда жүкті екенін білген әйел азаматтық некедегі ері ашуға булыққан. Ол мас күйде болып, әйелді ұрып-соғып, балаға өзінің еш қатысы жоғын айтқан. Жәбір көрген әйел асханадан пышақ алып, ер адамның кеуде тұсына пышақ ұрған. Оның дем алмай отырғанын көрген әйел ер адамның әпкесіне хабарласып, болған жағдайды айтып берген. Портал мәліметінше, әйелге кісі өлтіру айыбы бойынша кінәлі деп тауып, жағдайды ескере отырып, ең жеңіл жаза берген. Ол бес жыл жалпыға бірдей колонияда жазасын өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде