jasqazaq.kz

Әблязовтың қарындасы 6,5 миллион долларды қайтаратын болды

07 маусым 2019, 11:28

АҚШ-та 6,5 млн доллардан астам (2,5 млрд теңгеге жуық) ұрланған активтерді БТА Банкі «ішкі басқарушыға» қайтару туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметінен хабарлады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шешім 28 мамырда Вирджиния штатының Фэрфакс окуругтік сотында қабылданды.

Талап қашқын олигарх Мұхтар Әблязовтың қарындасы Гаухар Құсайыноваға қатысты қаралды.

Өтініш 2016 жылдың маусым айында берілген. Онда Құсайыноваға қатысты БТА-ның басқа талаптарын қанағаттандыру және келтірілген зиянды өтеу туралы айтылған.

«Әблязов БТА-ға қарсы басқа да алаяқтық әрекеттермен қатар, БТА-дан 6 млн доллар мөлшерінде ұрланған ақшаны Құсайынованың қаржысына заңсыз жолдады. Құсайынова алынған ақшаны жеке мақсатта, соның ішінде АҚШ-та бірнеше сәнді жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін пайдаланды», — деді қаржы институты.

Іс 2016 жылдың тамызында «ішкі басқарушы» бизнесмендер Джон Милсом мен Дэвид Стэндиштің сотқа арызынан соң біріктірілді.

Талап қанағаттандырылғаннан кейін Құсайынованың мүлкін шамамен 6,6 млн АҚШ доллары көлемінде ұстау құқығы берілді.

Бұл шешім БТА Банкінің пайдасы үшін Әблязовтың ұрлап кеткен активтерін қайтарудың тағы бір маңызды қадамы болып отыр.

Бүгінгі таңда олигарх пен оның серіктестеріне қарсы сот Қазақстанда, Ресейде, Украинада, Ұлыбританияда, АҚШ пен Францияда, басқа да юрисдикцияларда жүріп жатыр.

Дереккөзі: Stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда