jasqazaq.kz

Әблязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд. теңге қайтарды

25 қараша 2020, 19:21

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, «БТА Банкі» АҚ-ның директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Қазіргі уақытта қылмыстық топ келтірген залалдың 6,3 млрд. теңгесі қосымша өтелді.
Бұл – Мәскеу қаласындағы ірі бизнес-орталығының құрылысына салынған және Әблязовтің бақылауындағы оффшорлық компанияға қайтарымсыз несие беру арқылы жымқырылған БТА Банкінің қаражаты болып табылады.

Қазақстанға сот төрелігінен жасырынып жүрген тұлғаларды экстрадициялау және өз еркімен қайтару, басқа қылмыстық эпизодтар аясында келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде