jasqazaq.kz

Әблязовқа қатысты іс Жамбыл облысында өтеді

02 қазан 2018, 11:42

Мұхтар Әблязовқа қатысты іс Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодекстің 304-бабына сәйкес, 2018 жылдың 2 қазанында Мұхтар Әблязовтың Қылмыстық кодекстің (16.07.1997 жылдың редакциясы) 28-бабының 3-бөлігі бойынша, 96-баптың 2-бөлігі «ж», «з» пунктері бойынша сотқа тартылғанын хабарлайды», — делінген прокуратураның хабарламасында. Айта кетейік, Әблязов «Банк ТұранАлем» АҚ экс-төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ, ол бұл қылмысты жасау кезінде Мұратхан Тоқмәдимен алдын ала сөз байласқан деген күдік те бар екені айтылған еді.

Франция соты 2014 жылдың 9 қаңтарында БТА банктің бұрынғы басшысын экстрадициялау туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл үкім ресейлік және украин тарапының экстрадиция бойынша салған сұрауларына байланысты шығарылған. Бір аптадан соң Мұхтар Әблязов соттың бұл қаулысымен келіспейтіндігін білдіріп, екі рет жоғары инстанцияға шағымданған. Сондай-ақ, БАҚ беттерінде осыған дейін Қазақстанның Мұхтар Аблязовты отанына қайтарып алуға тырысатындығы бірнеше рет мәлімделген еді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді