jasqazaq.kz

Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

27 қараша 2018, 13:07

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деп айыпталған Мұхтар Әблязовке қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімді судья Кенжеғали Кенжебеков оқыды. «Сот Мұхтар Қабылұлы Әблязовті ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясындағы 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырды. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылдың 7 маусымында ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4 және 6-бөлігіне сәйкес шығарған үкімі бойынша Мұхтар Әблязов үш жылға банк ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын, жазасын қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өтесін, — деді судья Кенжебеков. Әблязовтің жазасын өтеу мерзімі оны қамауға алған сәттен бастап саналады. Сот үкіміне 15 тәулік ішінде шағымдануға болады.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты іс Таразда қаралған болатын. Барлық сот отырысы Мұхтар Әблязовтің қатысуынсыз өткен еді. Сот 12 қазанда басталды. Осы уақытқа дейін шамамен 60 куәгерден жауап алынды. Сотқа ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев пен сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди де жеткізілген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде