jasqazaq.kz

Әблязов ісі: Прокурор өмір бойына бостандығынан айыруды сұрады

22 қараша 2018, 12:42

Мемлекеттік айыптаушы бизнесмен Ержан Тәтішевті өлтірді деген айыппен Мұхтар Әблязовті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан процесте белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

«Айыптаушы Мұхтар Әблязовті ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясындағы 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрайды», — деп оқыды прокурор.

Банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастыру дерегі бойынша іс Таразда қаралып жатыр. Айыпталушы — Мұхтар Әблязов. Сот тыңдауы оның қатысуынсыз өтіп жатыр. Сотта куәгерлерден жауап алынып жатыр, іс бойынша жалпы 60-қа жуық куәгер бар. Еске салайық, Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін биылғы наурызда 10,5 жылға сотталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, Мұхтар Әблязов 2004 жылы бостандыққа шыққаннан кейін Тоқмәдиді 4 миллион долларға жалдап, БТА банкі басқарма төрағасы Тәтішевті өлтіруді тапсырған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді