jasqazaq.kz

Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жолдаған хаты табылды

03 қазан 2019, 21:54

Әбілқайыр ханның Елизавета патшайымға жолдаған хаты табылды. Онда қазақтар үшін қала салу жөнінде ұсыныс айтылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Хат осыдан үш ғасыр бұрын жазылған. Әбілқайыр хан өтінішін Орынбор генерал-губернаторы арқылы жолдапты. Құжаттың түпнұсқасы осы күнге дейін Орынбордағы мемлекеттік мұрағатта сақталған. Ақтөбелік мамандар оның көшірмесін алып, зерттеп жатыр. Қазір ең алдымен хат мәтінін аудару керек. Себебі, екі жүз беттен тұратын өтініш көне славян тілінде жазылыпты. Хан хатында шаһар салудан басқа ұлы Ералы туралы да айтады. Сондай-ақ, ханның ұсынысын патшайым да қолдаған сияқты. Қазір Әбілқайырдың айтуымен нақты қай қаланың бой көтергені белгісіз. Мамандар Ор немесе Орынбор болуы мүмкін деген болжам айтады.

Нұрлан Есетов, Ақтөбе облыстық архивінің ғылыми қызметкері:

— Біздің пайымдауымызша, Әбілқайыр ханның қала сұрауы Орск немесе қазіргі Орынбор қаласындағы Берск қамалы орнына салынған Берск қалашығы деген ойымыз бар. Құжат болғандықтан, оны әлі зерттеу керек.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда