jasqazaq.kz

Абақтыдағы өлім. Себебін кім айтады? (видео)

29 мамыр 2020, 20:12

Көкшетауда уақытша қамау абақтысынан бір түнде 6 адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Екеуі ес жимастан көз жұмса, тағы екеуінің жағдайы мүшкіл. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Нариман Сыздықов, Көкшетау қалалық ауруханасының бас дәрігері:

— Екеуінің жағдайы өте қиын. Орысша «критический» деп айтуға болады.Науқастарға қазір алдын ала диагноз қойылды, ол уланған. Сусындардан немесе есірткіден улануы мүмкін. Қазір тексеріп жатырмыз. Нәтижесі әзірге белгісіз.

Абақтыдан жеткізілген 6 науқас та әкімшілік жазасын өтеп жатқандар. Негізінен жол жүру ережесін бұзып жаза кесілгендер екен. Бір камерада отырған. Таңға жақын барлығының денесі құрысып, естен танып, тіпті денелесі күп болып ісіп кетіпті. Үш жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жылдам жеткізгенімен, 32 және 41 жастағы екі азаматты аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер енді басқа науқастар үшін жанталасуда. Оқиғаның мән-жайын Ішкі істер министрлігінен арнайы келген комиссия тексеріп жатыр. Ал прокуратура қылмыстық іс қозғап, зардап шегушілердің туысқандарын да тергеуге алды.

Максим Козлов, науқастың інісі:

— Анамды үйден келіп полиция алып кетті. Қазір барлық туысқандарды тергеп жатыр. Түрмеге қандай тамақ апарғанын сұрауда. Науқастардың арасында ағам бар. Жүргізуші куәлігінсіз жүріп, жол жүру ережесін бұзғаны үшін 30 күнге абақтыға жабылған. 25 күнін өтеп еді. Осындай жағдайға душар болды.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия