jasqazaq.kz

Абақтыда сәби өмірге келді

11 маусым 2019, 14:36

Қызылорда қаласында ЗК-169/1 тергеу изоляторы мекемесінде отырған азаматша екінші перзентін дүниеге алып келді.

Азаматша Қызылорда қалалық тергеу сотының 2019 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес ЗК-169/1 мекемесіне жіберілген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2,3 тармақтарымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған. Әйел 10 маусым күні Ана мен бала орталығында босанып, екінші перзентін дүниеге алып келді. «Аталған азаматшаға ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі алғашқы кезектегі қажетті заттар және тиісті азық-түлігімен қамтамасыз етті. Қазір ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі нәрестенің құжаттандыру жұмыстарымен айналысуда. Қылмыстық ісі бойынша шешімді заң талаптарына сәйкес мерзімінде сот органдары қабылдайды», — деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде