Абайтанушы ғалым эстафетаны жалғады (видео)

06 қыркүйек 2019, 12:14

Jas qazaq-тың 9 тамыздағы санында абайтанушы-ғалым Мекемтас Мырзахметовтың сұхбатын жариялаған едік. Осы сұхбатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы оқып, баспасөз хатшысы Берік Уәлиге «Бұл кісіге эстафетаны өзің берсең жөн болады» деп тапсырма берген еді.
Президенттің осы лебізінен кейін Мекемтас ақсақал бізді үйіне шақырып, ұлы ақынның өлеңінен үзінді оқып, жыр эстафетасын жалғастырды. Сонымен бірге Мемлекет басшысына Jas qazaq арқылы алғысын айтып, өзінің үшбу сәлемін жолдады.

Ұлы ақын Абай өлеңдерінен жалғасып жатқан жыр эстафетасын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің жанындағы абайтану институтының директоры, абайтанушы Жабал Шойынбетке жолдаймын. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты бұрыннан білемін. Көп оқитын, көп білетін азамат.

Маған екі-үш рет құттықтау хат жіберген. Содан байқағаным, менің кітаптарымды оқыпты. Бұл жолы қазақ газеттерін, оның ішінде Jas qazaq-тағы сұхбатымды оқып, өзінің пікірін білдіргені, өлең эстафетасын маған жолдатқаны – көргендіктің, зиялылықтың көрінісі. Біз үшін үлкен, ал президенттер үшін кішкентай дүниеге Тоқаевтың назар аударғанына ішім жылып қалды.
Осы орайда, мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына – көп оқитын, көп білетін жаңа Президентімізге айтар бір өтінішім бар. Біздің қазақ халқының мінез-құлқы өзгерген. Жан-дүниеміз кеңестік кезеңде, яғни отырықшылық дәуірде бұзылған. Капитализм одан ары бұзды. Осы жолдан халқымызды аман-есен алып өтетін бір-ақ ілім бар. Ол – Абайдың «Толық адам ілімі». Бұрын біз бұл ілімді білмейтінбіз. Қазір мұны толық ашып, барлық жүйесін жасадық. Енді осы ілімді мектептен бастап, жоғары оқу орындарына дейін оқыту керек. Оқулығын жасау, бағдарламасын дайындауды бізге тапсырса, бәрін жасап бере аламыз. Қысқасы, қазаққа «Толық адам ілімінен» басқа шығар жол жоқ.
Мемлекет басшысына айтар екінші өтінішім – абайтану жаңа деңгейге жетті. Жаңа дүниетанымға өтті. Бұрын біз Абайды құдайсыз көзқараспен зерттеп, түсініп келдік. Енді жаңа көзқараспен қарауымыз қажет. Абайды толық ашамыз. Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласынан Абай атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылуы керек. Бұрын бөлініп берілген 80 сотық жер бар еді. Сол жерді бізге кейбір дөкейлер бермей отыр. Соны берсе, біз мемлекетке 200 адамға жұмыс тауып бере алатын едік. Олардың бәрі салық төлейді. Мемлекетке ауыртпалық түсірмейміз. Өте жақын, таныс үш кәсіпкерім бар. Солар көмектескелі отыр. Көпқабатты бизнес орталығын саламыз дейді. Бізге бір қабатын береді. Жалпы табыстың 4/1 бөлігін біз алып отырамыз. Сөйтіп, абайтанушылардың ең төменгі жалақысын 500 мың теңгеге жеткіземіз. Мұның бәрінің бизнес жоспары дайын. Бізге тиесілі жерімізді берсе болды. Мемлекет басшысынан өз басым осы екі мәселені шешіп беруін өтініп сұраймын!

Жазып алған Жарас Кемелжан

Бүгін, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
Бүгін, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады