jasqazaq.kz

Абайсызда 2 бала мерт болды

30 сәуiр 2020, 10:54

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында абайсызда 2 бала мерт болды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, екі оқиға да 29 сәуір күні болған. Атап айтқанда, Мырзакент ауылында 2012 жылы дүниеге келген бала абайсызда «Достық» арнасына құлап, суға батып кеткен. Баланың денесін қайғылы жайтқа куә болғандар судан алып шыққан.

«Екінші оқиға Достық ауылында болды. Үйде үлкендердің қарауынсыз қалған 2 жасар сәби электр резеткісімен ойнап, тоқ соққан. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында көз жұмды», — деп атап өтеді комитеттен.

Осыған орай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті алдағы уақытта мұндай қайғылы жайттар орын алмауы үшін азаматтарды балаларына қауіпсіздік негіздерін үйретуге және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға, барынша сақтық танытып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрмыстық құрылғылар қосылатын резеткілерді жауып қоюға, балаларды қараусыз тоғанға, өзге су қоймаларына жібермеуге шақырады.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық