jasqazaq.kz

Абайдың өлеңін оқыған әкімшілік қызметкерлеріне айыппұл салынды

10 қыркүйек 2020, 15:32

Өскемен қалалық әкімдігінің лаузымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы порталы Altaynewskz сайты хабарлады.

Тамыз айының басында қала басшысы Жақсылық Омар бастаған әкімдік қызметкерлері Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып, эстафетаны Қостанай қалалық әкімдігіне жолдады. Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, осыған байланысты қала әкімінің орынбасары мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы айыппұл арқалаған. Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын департаментінің баспасөз қызметі оннан астам адам қатысқан видео-эстафета шектеу шаралары кезінде түсірілгенін мәлім етті. «Эстафетаға қатысушылар маскалық режим мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтағанмен, әкімнің орынбасары мен бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр», — делінген тиісті мекеменің хабарламасында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия