jasqazaq.kz

Абай шахтасында қаза тапқандардың тізімі

07 қараша 2021, 16:46

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында қаза тапқан алты адамның тізімі жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаза тапқандардың ең үлкені 53 жаста, ең кішісі 31-де.

Краус Сергей Юрьевич, үңгуші, 1983 жылы дүниеге келген, үйленген.
Шмидт Виталий Владиславович, 1-ұңғыма жұмыстарының қызметкері, 1979 жылы дүниеге келген, үйленген.
Абдуллин Наиль Рамильевич, үңгуші, 1990 жылы дүниеге келген, үйленген.
Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 жылы дүниеге келген, үйленген.
Супрунов Алексей Алексеевич, бастықтың көмекшісі, 1987 жылы дүниеге келген, үйленген.
Скидченко Николай Николаевич, тау-кен шебері, 1968 жылы дүниеге келген.
«Абай» шахтасында зардап шеккен қызметкерлер:

Маралбаев Жеңіс Мерекеұлы, 1963 жылы дүниеге келген;
Зейналов Элайдын Авез-оглы, 1960 жылы дүниеге келген.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Абай» шахтасында кеңес өткізді. Жағдай туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз және басқа да жауапты тұлғалар баяндады.

Жедел штаб құрылды, оған компания мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Облыс және компания басшылығы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барады. Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша ТЖ министрі Юрий Ильиннің басшылығымен ТЖ мән-жайы мен себептерін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде