jasqazaq.kz

Абай Сарқұлов Қазақстан даму банкін басқарады

26 сәуiр 2019, 16:42

Абай Сарқұлов Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Осыған дейін ол «Даму» қорының басшысы болды. 2019 жылы 11 сәуірде Болат Жәмішев Қазақстан даму банкі басқарма төрағасы қызметінен кеткені белгілі болды. Абай Сарқұлов 1981 жылы дүниеге келген. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы «Тұран Әлем Банкі» АҚ филиалында практикант болып бастаған. Алматы мен Астанада коммерциялық банктерде жұмыс істеді. 2007 жылы «Қазақстанның Даму Банкі»АҚ жобаларды кредиттеу департаментінің инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджері болып тағайындалды. 2014 жылы Басқарушы директор лауазымына ие болды. 2016 жылы ҚДБ төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың ақпанында ол «Даму «кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ны басқарды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық