jasqazaq.kz

Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр

08 маусым 2022, 12:32

Жаңадан құрылған Абай облысының құрамына 8 аудан және 2 қала еніп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгіннен бастап Семей аймағында Абай облысы құрылды. Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шыққан жаңа өңірдің аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды. Құрамына 8 аудан және 2 қала енді. Атап айтқанда, Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары. Абай облысындағы халық саны – 638,3 мың. Яғни, Шығыс Қазақстан жұртшылығының 47 пайызы жаңа аймақтың тұрғындарына айналып отыр. Ал ШҚО аумағы 97,8 мың шаршы метр болды. Территориялық бөліністерге сәйкес, оның құрамында 9 аудан және 2 қала қалды. Олар Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары. Өнеркәсіптердің 32 пайызы енді Абай облысында. Екі өңірдің қала-аудандары 1997 жылы Семей облысы қосылғанға дейінгі территориялар бойынша бөлінген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде