jasqazaq.kz

Абай мұрасы шет тілдерінде 3000 данадан жарық көреді

31 қантар 2020, 14:55

Абай Құнанбайұлының әлемнің он тіліне аударылған еңбектері ақынның туған күніне орай шетелдік оқырманның қолына тиеді. Бұл туралы Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы хабарлады. Бір тілде үш мың данадан шығару жоспарланған. Аудармаға сол тілдердегі ең беделді деген ақын, жазушылар жұмылдырылған. Қазірдің өзінде Кэмбридж, аль-Азхар университетінің баспалары жинақты басып шығаруға ниет білдіріпті. Оған Абай Құнанбайұлының 145 өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзі енеді. Мысалы, ақын мұрасын қазақ тілінен орыс тіліне жолма жол аудармасын жазушы Мадина Омарова жасаған. Ал, оның көркемдік аудармасымен бұған дейін «Абай жолы» романын аударған Анатолий Ким айналысады.

Рауан Кенжеханұлы, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры:

— Абайдың 175 жылдығына арналған негізгі шаралар енді тамыз кезіне жоспарланып отыр. Соған дейін біз жұмысты аяқтауымыз тиіс. Бұл бастаманың бір үлкен жаңалығы – Абай мұрасы қазақ тілінен 10 тілге тікелей аударылып жатыр. Өйткені бұған дейін араға орыс тілі салынып, аударуға мәжбүр болдық. Соның ішінде атап айтсақ, ағылшын, араб, қытай, түрік, жапон, неміс тіліне қазақ тілінен тікелей аударылып жатыр.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде