jasqazaq.kz

Абай көшесі – Аргентинада

17 желтоқсан 2020, 15:52

Аргентина қалаларының бірінде Абай көшесі пайда болды. Сан-Фернандо жаңа ауданыңдағы көшелердің біріне қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі берілді.
Сан-Фернандо жаңа ауданыңдағы көшелердің біріне қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімі берілді.
Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай Аргентинада Абай көшесі пайда болды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аргентинадағы Росарио қалалалық муниципалдық кеңесінің №10.126 қаулысымен қала көшелерінің біріне, атап айтқанда Сан-Фернандо жаңа ауданыңда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық аясында ақынның есімі берілді.

«Қалалық кеңес төрағасының орынбасары Агапито Бланка өз мәлімдемесінде Абайдың қазақ халқы мен әлемдік мәдениет тарихындағы маңызды рөлін атап өтіп, қазақ ойшылының есімін қала көшелерінің біріне беру туралы шешімді кеңестің барлық мүшелері бірауыздан қолдағанын айтты. Сондай-ақ бұл аргентиналықтардың Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамытуға бейілділігін және 2019 жылғы желтоқсанда жасалған Росарио мен Алматы арасындағы бауырлас қатынастарды куәландыратынын жеткізді», — делінген хабарламада.

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Росариода орналасқан Аргентина туының Ұлттық мемориалдық кешенінде Қазақстанның Мемлекеттік Туы  көтерілді.

sn.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия