jasqazaq.kz

Абай Аязбаев әйелімен қалай танысқанын айтып берді

31 қантар 2020, 14:57

«Нысана» әзіл-сықақ театрының белді мүшесі, әзілкеш, актер Абай Аязбаев жарымен қалай танысқанын айтты. Актер бақытын алыстан емес, концертіне келген көрерменнен тапқан.

Бұл туралы «Той жыры» бағдарламасында айтылды.

«Нысананың 5 жылдық концертін беретін болдық. Сол кезде Диана алдыңғы қатарда отыр екен. Көрермендермен ойын деген айдар бар еді. Сол кезде көзім түсті», — деді актер.

Жары Диананың айтуынша, концерттен соң Абай үшінші адам арқылы телефон нөмірін сұратқан. Осылайша таныстық басталған.

«Диана ол кезде мені танымайды екен. Концертке де құрбыларымен адасып келіп қалыпты. Кейін телефонмен сөлесіп, сосын кездесуге шақырып жүріп таныстық. Менің пәтеріме келіп, кірімді жуып, тамағымды жасап, әйелім секілді жүрдік. Қазіргідей ұсыныс та жасаған жоқпын. Жай ғана үйленейік дедім. Ол келісті», — деді Аязбаев.

Диана мен Абайдың айтуынша, той аяқ астынан жоспарланып, тез арада өте шыққан. Осылайша 30 жастағы Абай өзіне 8 жас кіші қызды жар етті. Бүгінде үш баланың әкесі.

«Тойды 600 адамға жасағанбыз. Бірақ 800 адам келді. Бірі кіріп, бірі шығып, той қызықты өтті. Танымал әншілер, өнердегі достарым келді», — дейді әзілкеш.

Диана қаланың қызы болғанымен үйде ауыл келінінің міндетін атқарамын дейді. Аязбаевтар әулеті үлкен. Сондықтан өзіне ақыл айтушылар да, абысын-жеңгелері де көп.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде