jasqazaq.kz

Абай ауылында тағы бір жеткіншек зорланған

15 қантар 2019, 11:54

Абай ауылында зорланған баланың адвокаты Айман Омарова ауылда тағы бір жеткіншектің зорланғаны жөнінде айтты.

“2013 жылдың наурыз айында Сарыағаш ауданы Абай аулында менің клиентім 16 жастағы баланы таныс қызы кафеге ертіп барады. Олардың үстеліне полицей С. жақындайды. Ол қыздың танысы болып шықты. Полицей коньяк пен тамаққа тапсырыс береді. Ақыр соңында клиентім далада тыр жалаңаш күйде қалады. Не болғаны есінде жоқ. Ол жерде полицейді көреді. Ол зорлау сәтін видеоға түсіріп алғанын айтады. Бала үйіне келген соң денесінің ауырғанын, қан аққанын байқайды”, – дейді адвокат.

Айтуынша, С. есімді полицей 2013 жылда бері жігітті зорлап келген. Полицей егер тіс жарсаң, видеоны жариялаймын деп қорқытқан. Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап stan.kz хабарлады.

Осылайша үнемі ақша сұраған. Бұл жайлы оның әйелі де біліп, ақша талап етіп оырған. Кейін полицейдің досы да қоқан лоқы көрсете бастайды. Екеуі тұрақты түрде зорлап жүрген.

Жас жігіт Алматыға оқуға кеткенде оны қаладан тауып алып, әрекетін жалғастырады. Осы кезде бала өзіне қол жұмсамақ болады. Бұл жайлы ата-анасы біліп қалып, мән-жайды сұрағанда не болғанын жайып салады. Ата-анасы сотқа арызданады.

“Бізде жеткілікті дәлел бар. Тергеуші Мұхтар Нұрбаев қосымша жауап алуға шақырды. Дәлелді қайдан алуға болатынын сұрады. Одан кейін де тергеу ісі жылжымай тұр Бізге ешқандай қағаз берген жоқ”, – дейді адвокат.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүруде. Бұған қатысты Түркістан облыстық полиция департаментіне сауал жолданды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде