jasqazaq.kz

Абаев: Журналистерді даярлау жүйесін өзгертеміз

16 мамыр 2018, 14:07

Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді даярлау жүйесін өзгертуге уәде етті.

«Мен бұл мәселені өзім де байқап жүрмін. Журналистика саласында білім беру сапасына қатысты көптеген сұрақтар туындап жатыр. Негізі, бәрі орынды. Біз университеттерде сабақ беріп жүрген журналистика кафедраларымен бірге осы саладағы басшыларды біріктіріп, осы жұмысты нақты бір жүйеге келтіруіміз керек. Біз оны қолға аламыз. Оған уәде етемін. Жылдың соңына дейін осы мәселеге қатысты нақты бір xабар береміз деп ойлаймын», — деді Д.Абаев xалыққа есеп беру кездесуінде. Министрдің айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, әдістемені өзгерту жайы да қаралады. «Бізге сапалы журналистика қажет. Ал сапалы журналистикаға сапалы ұстаздар қажет, сапалы әдістеме болуы керек. Журналистердің саны аз болсын, бірақ сапасы жоғары болғаны дұрыс. Әрине, басқа салада жүрген дарынды журналистер де бар. Жазуы да, стилі де жақсы. Ондай мамандарды да ортақ жұмысқа тарту қажет», — деді Д.Абаев. Осы орайда министр ағылшын оқулықтарын қазақ тіліне аудару шараларын да еске алды. «Мысалы, медиа этикаға арналған кітап алғаш рет ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылды. Біз жыл сайын бір-екі кітаптан аударып отырамыз. Ол да бір көмегін тигізеді деп ойлаймын», — деп атап көрсетті Д.Абаев. Айта кетейік, кездесу кезінде Дәурен Абаев журналистерді баспанамен қамтудың машақаты туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі кезде БАҚ-тың жаңа рейтингісін әзірлеу жұмысы атқарылып жатыр.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді