jasqazaq.kz

Абаев енді абоненттік номер «минусқа» кіріп кетпейтінін мәлімдеді

09 қантар 2018, 11:48

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев facebook-тегі парақшасында Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр.

«Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл — негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің «минус» болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз», — деп түсіндірді Абаев.
Сондай-ақ, министр бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде «beep» қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылатынын атап өтті. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады.

«Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз», — деп түйіндеді ол.

Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді.

sputniknews.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды