jasqazaq.kz

Абаев: Барлық меморганның сайттарын жауып, біреу ғана жасаймыз

20 ақпан 2019, 16:25

Қазақстанда мемлекеттік органдар үшін бірыңғай сайт жұмыс істейді, ал қалғандары жабылады. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, бірыңғай сайтқа орталық мемлекеттік органдар порталдары мен өңірлік әкімдік порталдары кіретін болады. «Биыл біз мемлекеттік органдар үшін бірыңғай gov.kz интернет-порталын құрастырамыз. Жүздің орнына бір сайт. Барлық қаржыландыру жабылады және тек жалғыз портал аясында болады. Бұл портал қазір тестілеуден өтіп жатыр. Ол бірінші кезекте тұтынушылардың мүддесі үшін жұмыс істейтін болады. Бүкіл министрлік пен мемлекеттік қызметтер сонда болады. Арнайы бөлім жаңалықтардың жаңартылуын бақылайтын болады. Осының барлығы қоғамдық сотқа шығарылады және менің ойымша бұл сәуірде болады», — деді Абаев министрлік коллегиясының кеңейтілген отырысында. Оның айтуынша, бұл бүгінде мемлекеттік сайттарды ұстауға жұмсалатын миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді екен. «Бірте-бірте екі жыл ішінде біз қалған барлық мемлекеттік сайттарды жабамыз. Бұл қаражатты айтарлықтай үнемдеу болып табылады және сапа өседі. Мемлекеттік органдар техникалық міндеттер үшін емес, жаңарту үшін емес, контент үшін жауап беретін болады. Министрлік екі бөлікке жауап береді: жаңалықтар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін», — деді ол. Министр бұл шешімнің революциялық екенін айтып, ақпаратқа қолжетімділікті жақсартады дейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде