jasqazaq.kz

Абаев: Барлығы алаңдайды, бірақ тіркеп жатқан ешкім жоқ

10 желтоқсан 2018, 12:07

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елімізде 26 миллион құрылғының тек 14 миллионы IMEI-кодтарын тіркегеніне қарамастан, жаңажылдық түнде жұрт байланыссыз қалмайтынына сендірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2019 жылы 1 қаңтарда ұялы телефон қолданушысының міндетті түрде тіркелуі туралы заң күшіне енеді. Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Михаил Чириков осы мерзімге дейін тіркелмегендер байланыссыз қалатыны туралы болжаған еді. «Жарияланған мәліметке сәйкес, 26 миллион абоненттің 14 миллионы тіркелген, бұл жартысынан сәл ғана көп. Бірнеше миллион қазақстандық жаңажылдық түнде және одан кейінгі күндерде байланыссыз қалады деп болжауға болады», — деді депутат министрге. Министр қажетті жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы айтты. «Әрине, барлығы алаңдап жүр, алайда тіркелмейді. Бізде 26 миллион қолданушы бар, ал — 18 миллион, яғни бір адамда бірнеше (3-4) телефон бар деген сөз. Қазіргі уақытта халықтың 70 пайызы тіркелді», — деп түсіндірді Абаев. Оның айтуынша, 2-3 пайыз мүлде тіркелмейді екен. «Менің ойымша, еш қиындық болмайды. Жаңа жылда адамдар байланыссыз қалмайды», — деді министр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді