jasqazaq.kz

Абаев 1 қаңтарда ұялы байланыстың не себепті өшпегенін түсіндірді

15 қантар 2019, 17:31

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың ұялы байланысы неліктен 1 қаңтарда өшпегенін түсіндіріп берді. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

«Бұл жұмыс қазір тіркеуден өтпеген адамдармен және барлық ұялы байланыс операторларымен жүргізіліп жатыр. Біз адамдарға қолайсыздық тудырғымыз келмейді, керісінше олардың ұялы телефонды пайдаланғанын қалаймыз»,- деді ол журналистерге.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта абоненттер ұсынған деректер салыстырылып жатқанын айтты. Ол аяқталған соң, бірден шешім қабылданады (ред- өшіру туралы).

Одан бөлек, министр неге қазақстандықтардың әр күні кешке интернетке қол жеткізе алмайтыны, тек прокси-сервер арқылы ғана ғаламторды ашуға болатыны туралы сұраққа жауап берді.

«Интернет жоқ? Сізде әр күн сондай проблема бола ма? Мен бұл жағдайдың әр күні орын алатынына күмәндімін. Негізі бұл техникалық ауырлық көбейген кезде болуы мүмкін. Жалпы қарастырар болсақ, бұл Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен байланысты емес. Яғни, біз Қазақстан аумағындағы техникалық ауытқуларға жауап бермейміз», -деді Абаев.
Дәурен Абаев өзінің интернетті көп қолданбайтынын, кешке аз уақыт пайдаланса да, ешқандай мәселе туындамағанын айтуға асықты.

«Сіздерге ұялы байланыс операторларына байланысқа шығу керек. Байланыс сапасы жөнінде сұрақ қойсаңыздар болады. Қолданушы ретінде құқықтарыңыз бар», — деп кеңес берді министр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда