jasqazaq.kz

Абақтыда жатқандардан пара алыпты

11 желтоқсан 2016, 20:53

Қызмет бабын асыра пайдаланып, жазасын өтеп жатқандардан пара алып, сотталғандарды ұрып-соққаны үшін Тараз қаласының № 2 соты қылмыстық-атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Дидар Рахымбердиев пен оның 3 қызметкері Бақтияр Сартаев, Арман Аққожаев және Бақтияр Абдраимовты әртүрлі уақыт мерзіміне бас бостандықтарынан айырды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ғани Тубаевтың айтуынша, ұсталған азаматтар жазасын өтеп жатқандарды пара беруге мәжбүрлеу үшін қызмет бабын асыра пайдаланған. Олар сонымен қатар сотталғандар үшін бөлінген бюджет қаржысын да жымқырумен айналысқан. «Бүгінгі таңда ішкі істер органдары өзге салалармен салыстырғанда жемқорлық ең көп тараған ұжымдардың бірі болып отыр»,-дейді Тубаев. Қылмыстық атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің енді бұрынғы басшысы өзінің орынбасары мен түзеу колонияларының басшылары арқылы сотталғандарды «жоғары дәрежелі» және «әдеттегі» деп екі топқа бөлетін болған. Сотталғандардың екі топтың қайсысына жататындығы олардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты болған. «Жоғары дәрежелі» топтағыларды олар ылғи пара беруге мәжбүрлеп келген. Осылайша, өте ауыр жемқорлық әрекеттеріне жол берген. Осыған байланысты департамент бастығы қылмыстық-атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Рахымбердиевке мал-мүлкін тәркілей отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Оның үш қызметкері әскери шендерінен айырылып, 5 жылдан 8 жылға дейінгі аралықта бас бостандықтарынан айырылды.

 

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі