jasqazaq.kz

АӘК: жиынтық табысты есептеу ережелеріне өзгерістер енгізілді

19 ақпан 2020, 14:36

АӘК тағайындауға өтініш берген отбасының жалпы кірісін есептеу кезінде тұрғын үй сертификаттарының сомасы ескерілмейді, деп хабарлайды enbek.gov.kz Мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «АӘК-ге жүгінген адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу ережесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілді. Өзгерістер наурыз айының басында алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй сатып алу кезінде 1 млн теңге мөлшерінде бастапқы жарнаны қамтамасыз ету үшін беріледі. Бұл Қазақстан азаматтарының алуға мүмкіндігі бар жергілікті атқарушы органдардың көмегі. Алушылардың тізіміне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт салаларының, полиция қызметтерінің қызметкерлері, сондай-ақ көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді. Сертификат бастапқы жарнаның қажетті мөлшерінің 90%-ына дейін жабу үшін беріледі. Ағымдағы жылы еліміздің барлық өңірлерінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша нысаналы топ үшін «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша түсіндіру семинарлары өтеді деп жоспарлануда. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен өңірлердің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы кеңінен ақпараттық кампания өткізуде. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы 100 тұрғын үй сертификаты 2018 жылдың соңында ел астанасында берілді. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының 300 тұрғыны 1 млн теңгеден алды. Елорда үлгісі бойынша сертификаттар республиканың барлық аймақтарында беріле бастады.

24.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия