jasqazaq.kz

А.Жолдыбаева: «Маған жалпы орыстың жігіттері ұнайды»

14 ақпан 2018, 13:13

Апалы-сіңілі Жолдыбаевалардың отандық шоу-бизнесте өз орындары бар. Екеуі де талантты: бірде басты рөлдердің бірін сомдайтын актрисалар, бірде микрофон тұтқасын жібермейтін әншілер. Десе де, жұрттың сыны мен сөгісіне жиі ұшырайтындардың тізімінен көш бастап тұрады. Бірақ, таланттарына сөз тигізбек емес, мәселе-басқада.

Оны сіз де, мен де білеміз. Тәнін жалаңаштап, ашық киім киінуден жасқанбай, сахнаға «жынды» образ жасап шығатын Жолдыбаевалардың желідегі суреттерінің астынан бір жағымды пікір таппайсыз.

Бірақ, мұндай сөздерге әншілердің иммунитеттері қалыптасып қалған. Бірақ, осы жолы шамына тигендерге кіші Жолдыбаева Гәкку арнасында былай деп жауап беріпті:

«Мұның барлығына шығармашылықта жүргеннен кейін қарсы шыға алмайсың. Жақсы пиар болсын, қара пиар болсын – барлығы пиар. Жалаңаш жүреді деген секілді сөздер мен теріс сөздер болса мен тіпті мән бермеймін. Үйреніп те қалдым. Ал жалған ақпарат таратса,

ол менің жаныма қатты тиеді», — деді өз сөзінде.

Орта жақа келсе де шаңырақ көтеруге асықпайдын Алтынай Жолдыбаева өзіне қандай жігіттердің ұнайтынын айтып қалды.

«Мен ешқашан қалтаға қарайтын адам емеспін. Маған өте батыл жігіттер ұнайды. Бірақ, болашағы бар жігіт керек. Болашақ жігітім тек қазақ болсын деген ұстанымым да жоқ.

Маған жалпы орыстың жігіттері ұнайды», — деді әнші.

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде