jasqazaq.kz

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты үкімнің неліктен әлі күнге шықпағанын түсіндірді

20 шiлде 2017, 11:31

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты неліктен әлі күнге үкімнің шықпағанын түсіндірді.

«Ақпанның соңында Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шығуы тиіс еді. Бұл қайта өткелі отырған сот. Бастапқыда Ақжарқынға өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалған еді. Бірақ кейін апелляцияда үкімнің күші жойылды, ал іс құрамында жаңа судьялар бар бірінші инстанциядағы сотқа жолданды. Алайда 27-28 ақпанда үкім шықпады және белгісіз уақытқа шегерілген еді. Содан бері 4 айдан аса уақыт өтіп кетті. Ақжарқын Тұрлыбайдың тарапы ҚР СІМ-мен бірлесе отырып, сот процесін бақылап отыр. Мен ҚХР-дың ҚР консулдық қызметіне өтініш білдірдім. ҚР СІМ дипломатиялық процедура өткізіп жатыр (нота дайындалды). Мұның барлығы да сот Ақжарқын Тұрлыбайдың қатысуымен процестің жаңа кезеңіне өтуі үшін жасалып отыр. Көптеген процедура бар, уақыт қажет», — деп түсіндірді қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов. Еске салайық, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталған еді. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды делінді. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін айтты. Кейін Қытай соты оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Алайда бұл шешімнің күшін апелляциялық инстанция күшін жойған болатын. Ал 2017 жылдың ақпанында Қытайда апелляциялық инстанцияның үкімі шығуы тиіс еді, алайда ол да белгісіз уақытқа шегерілген.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде