jasqazaq.kz

Ақышев: Доллар сатып алып пайда көремін деушілердікі бос әуре

26 қыркүйек 2017, 14:46

Қазір макроэкономикалық жағдай тұрақты, сондықтан валюта айырбастап, пайда көргісі келгендер ұтылып қалады, деп мәлім етті Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ақышев доллар бағамына және ұлттық валютаның әлсіреуіне алып келуі мүмкін алғышаттар туралы сұраққа жауап бере отырып, қазіргі жағдайдың тұрақты екенін мәлім етті. Мұнай-газ, көмір бағасы көтеріліп келеді, тиісінше елге келетін валюталық түсім артатын болады. Сондай-ақ, оның айтуынша, сауда серіктестерімізде де жағдай тұрақты.

«Алаңдауға негіз жоқ. Осы нарықта пайда көргісі келетін азаматтар мен кәсіпорындарға тағы да қайталап айтарым, валюта бағамы өзгерген кезде айырбастау бекеттеріне жүгіріп, одан табыс табуға тырысудың еш қажеті жоқ. Өйткені ұтылып қалуыңызға болады. Себебі макроэкономикалық жағдай жақсы, теңге бағамы күшеюі де әбден мүмкін. Сондықтан қазір валюта сатып алып жатқандар ұтылады», — деді Ақышев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Айта кетсек, осыған дейін Ұлттық банк тамызда шілде айымен салыстырғанда доллар 2,2 есе көп сатып алынғанын хабарлаған еді.

sputniknews.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде