jasqazaq.kz

Ақтөбелік полицейлер жүргізушіні көлігінен күштеп алып шықты (Видео)

12 мамыр 2016, 10:55

Ақтөбеде көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған жүргізуші полицейлерден оңбай таяқ жеді (ВИДЕО)

Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің көлік жүргізушісіне қарсы күш қолданған сәтін куәгерлер бейнекамераға түсіріп алып, интернетке жүктеген. Оқиға 9 мамыр күні қаланың Орталық колхоз базарында орын алған деп жазады бейнематериал авторы Youtube порталында.

Бейнекадрларда бірнеше тәртіп сақшысының жеңіл көлікте отырған ер адамды күшпен сыртқа алып шығып, оны бірнеше метрге дейін сүйреп апарғаны анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, «таяқ жеген» ер азамат көлігін рұқсат етілмеген жерге қойған. Ал, полицейлер оған ескерту жасаған сәтте өзі бірінші ерегісіпті. Тіпті, жол сақшылары әрекетінің дұрыс еместігін айтып, оларды бейнекамераға түсіре бастаған.

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері болған жайтты растап отыр деп жазады Tengrinews.kz. Олар бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан.

 

 

sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде