jasqazaq.kz

Ақтөбеде полиция көлігі төңкеріліп қалды (видео)

02 тамыз 2017, 13:29

Ақтөбеде полицей жол-көлік оқиасы салдарынан қызметтік көлігімен аударылып қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көше қиылысында болған оқиғаның видеосы мен суреттері әлеуметтік желіде жарияланды. «Радары бар полицей көлігі Нокин көшесінің оң жолағымен келе жатқан. Қарсы бағытпен келе жатқан жол ережесін бұзғандарды көріп, полицейлер сол жағынан қатар келе жатқан ВАЗ-2114 көлігін өткізбестен бірден бұрылды», — дейді куәгерлер. Полицейлер оқиғаның басқаша болғанын айтады. «ВАЗ көлігі жол жүру ережесін бұзды. Ол жылдамдығын төмендетпестен қарсы бағытқа шығып кетті. Қарсы бетте ол «Лада Гранта» маркалы қызметтік көлікпен соқтығысты, соққыдан қызметтік көлік аударылып қалды. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. ВАЗ жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», — дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасө қызметі. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ көлігін басқарған адам жүргізуші куәлігінен айырылды.

ДТП в районе Кирпичного моста #zello_aktobe

Публикация от ZELLO AKTOBE — OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық