jasqazaq.kz

Ақтөбеде орамал үшін шу шығарған оқушының әкесі қанды терактіге қатысқан болып шықты

13 қыркүйек 2017, 14:09

Ақтөбедегі орамал мәселесін көтерген келіншектің кім екені белгілі болды. «Қызымды кимешекпен мектепке кіргізбей жатыр» деп БАҚ өкілдерінен көмек сұраған Гүлжанат Бердібаеваның күйеуі Ақтөбедегі теракт оқиғасы кезінде қаза тапқан. Келіншектің өзі жолдасы туралы ақпаратты құпия ұстайды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

«Жолдасым Ырғыз ауданынан, оның 5 маусым оқиғасы кезінде қайтыс болғаны рас. Ештеңені сұрамаңыздар. Маған тек таза мектеп мәселесіне қатысты ғана көмек керек. Мен ол оқиға туралы ештеңе білмеймін. Оның қалай кеткенінен де хабарым жоқ. Кетті ма кетті. Мен балаларыммен жалғыз қалдым. Қазіргі шындық осы», — дейді Гүлжанат Бердібаева.

Гүлжанат өткен жылы Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға қатысқан Әлібек Бердібаевтың келіншегі. Әлібек лаңкес жасағандарды қолға түсіру кезінде көз жұмған болатын. 37 жастағы жігіттің жесір келіншегі мен үш баласы қалған.

Олардың тұрып жатқан үйлері Ақтөбеде 5 маусым күні шабуыл жасалған «Пантера» қару-жарақ дүкенінің қақ алдында тұр. Есік алдында «Үнді тауарлары» деген арзан дүкен бар. Жігіттің отбасы ауқатты, танымал дәрігердің баласы екені айтылады.

Қаза болған содырдың әйелі орамал мәселесін көтеріп жүр. Мектеп директоры Әлібек Бердібаевтың балалары оқу үздігі екенін айтты.

«Ол әйелдің күйеуі 5 маусым оқиғасына қатысы бар екенін білеміз. Осыған дейін үлкен баласы бізде оқыды. Баланың оқуы жақсы, тәртібінен де қиындық туғызған емес. Тек биыл біздің мектепке 1 сыныпқа келген қызын орамалсыз сабаққа жібермейтінін айтты. Біздің оқушыға еш қарсылығымыз жоқ. Тек мектеп формасы балаларға бірдей болу керек»,-дейді №11 мектептің директоры Ғалия Ізбасқанова.

7 жастағы Ханифа Бердібаева орамал мәселесіне байланысты әлі күнге дейін сабаққа бара алмай отыр.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде