jasqazaq.kz

Ақтөбеде бейітті бизнеске айналдырмақ болғандардың басы бәлеге қалды

22 қыркүйек 2017, 11:11

Қорымды қарауға әкімдік сенімхатын алған кәсіпкердің ісін енді монополияға қарсы комитеттегілер тексермекші. Компания адам жерлеуге қойған құндары үшін әзірге ескерту ғана алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қала іргесіндегі елу қорымның күтімі үшін аукционды жалғыз компания ұтыпты. Тексерушілердің айтуынша, олардың өзге кәсіпкерлерді зират маңына жолатпай, өз қызметтерін ғана тықпалауы заңға қайшы. Ең қызығы бюджет туралы заңға сәйкес кез-келген адамды жерлеуге алты шаршы метр жер тегін берілуі тиіс. Ал сол қорымды қарау әкімдіктің мойнында. Сондықтан ақтөбелік шенеуніктердің тендер ойнатуына не түрткі болғаны белгісіз. Бұған дейін Қурайлы тұрғандары ауыл іргесіндегі қос қорымның жекенің қолына өтуіне қарсылықтарын білдірген болатын. Өйткені, зират маңындағы жерді жалға алған компания адам жерлеу үшін жиырма мың теңгеден жүз мың теңгеге дейін ақы сұраған-ды.

Сағындық Ерғалиев, Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-Әкімдіктің қорымды сенімхатпен беру әрекеті компаниялар арасындағы бәсекелестікті тежейді. Монополияға қарсы заңды бұзатындықтарын көріп отырмыз. Сондықтан әкімдіккке алдын-ала ескерту жолдадық.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде