jasqazaq.kz

Ақтөбеде 20 мың доллар беріп, жұмысынан айырылған шенеунікке қатысты шу шықты

28 шiлде 2017, 15:29

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған Алмат Ермағамбетов қыздарын оқуға түсіріп, жұмысқа орналастыруға ақша бергені үшін жұмыстан қуылған болатын.

Сот оны қайта жұмысқа орналасу туралы арызын қанағаттандырмады. Бірер айдан соң ол жаңа қызметке тағайындалып, даудың ортасында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Алмат Ермағамбетовтің айналасындағы даудан соң жұмыстан шығарылды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, №2 Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, Алмат Ермағамбетов осы істе жәбірленуші тарап болып қатысты. Ол 20 мың долллар беріп, қыздарын оқиға түсіруге көмек беремін деген Ботагөз Биекеноваға алданып қалған. Сот үкімімен алаяқ әйел 3 жыл 3 айға абықтыға қамалған болатын. Ал Алмат Ермағамбетов қағамдық шудың ортасында қалғаны үшін мемлекеттік қызметінен кетті. Кейін ол Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Ақтөбе медицина орталығы мекемесіне жұмысқа орналасқан болатын. Кейін тағы шу шықты. «А. Ермағамбетов осы жылдың 24 тамызынан бастап «Ақтөбе медицина орталығы» МКК кеңес беру-диагностика бөлімі директорының орынбасары міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Оның міндетіне менеджемент сұрақтарын әзірлеу мен инвестициялық жағдайды жақсарту жұмыстары кіруі қажет болатын. Берілген арызға сәйкес Алмат Ермағамбетов атқарып отырған қызметінен босатылды»,- деп хабарлады Ақтөбе-ақпарат орталығы.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық