jasqazaq.kz

Ақтөбе облысында автобус аударылып, 9 адам қаза тапты

22 маусым 2017, 16:38

Ақтөбе облысында 52 адам отырған автобус аударылып кетті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Оқиға Ақтөбе облысындағы Қарабұлақ ауылының маңында болған. Волгоград — Шымкент бағытында кетіп бара жатқан екі қабатты автобус ішінде 52 адам болған. Ондағы 50 адам Өзбекстан, ал екеуі Қазақстан азаматы болған. Автобустың аударылуынан Өзбекстанның 9 азаматы мерт болып, 18 адам ауруханаға жеткізілді (оның бірі Қазақстан азаматы). 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Жол апаты болған орынға Қарабұлақтағы Апат медицинасы орталығынан 9 құтқарушы мен 2 техника жөнелтілген. Ал облыстық ТЖД қызметінен 7 адам және бір техника жіберілді. Сонымен бірге, оқиға болған жерге екі жедел жәрдем көлігі мен полицейлер барған.

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу