
Марқұмдар арасында оқ атқан қаскөйдің өзі де бар. Тағы екі адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Қайғылы жағдай Техас штатындағы Плейно қаласында болған. Тұрғындар полицияға жеке меншік үйлердің бірінде оқ атылғаны жайлы хабар берген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары шабуылшының көзін жойды. Әзірге оның жеке тұлғасы анықталған жоқ. Бұл әрекетке не итермелегені де белгісіз. Көршілер қайғылы оқиға кезінде бұл үйде сауық кеші өтіп жатқанын айтады. Алдын ала мәлімет бойынша, атысқа осы жиын барысында шыққан жанжал себеп болуы мүмкін.