jasqazaq.kz

А.Перуашев: Әріптестер, біз қандай мемлекетте тұратынымызды еске салғым келеді

29 қазан 2018, 15:25

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев төменгі палатада өткен үкімет сағатында бір-бірін комсомол күнімен құттықтаған екі-үш депутатқа наразылығын білдірді.

«Владмир Карпович (Мәжіліс төрағасының орынбасары Божко – авт.), бізде Мәжілістің ресми отырысы өтіп жатыр. Сіз өз сөзіңізде және басқа әріптестеріміз бір-бірін комсомол күнімен құттықтай бастады. Мұндай мереке жоқ. Әріптестер, біз қандай мемлекетте тұратынымызды еске салғым келеді. Біз тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Егер біреулер үшін бұл жеке мереке болса, бір-бірлеріңізді Мәжіліс отырысында емес, жеке құттықтаңыздар», — деді Азат Перуашев үкімет сағатында.
Депутат кулуарда берген сұхбатында өз өмірінде де көп нәрсе комсомолмен байланысты болғанын айтты. Дегенмен, өзінің отырыста айтқан сөзінен бас тартқан жоқ.
«Тәуелсіз мемлекеттің заң шығарушы органының ресми отырысында қазіргі күнге еш қатысы жоқ қандай да бір датамен құттықтау дұрыс емес. Жеке құттықтауларға еш қарсылығым жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекеттік мерекелері бар. Осы атаулы күндермен бір-бірлеріңізді ресми түрде құттықтау орынды», — деді сұхбатында Азат Перуашев.
Атап өтсек, кеңес үкіметі кезінде комсомолдың құрылған күні 29 қазанда аталып өтетін. Жалпыодақтық Ленин жастар коммунистік одағы – комсомолдың құрылғанына 100 жыл болған екен.

 Baq.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді