jasqazaq.kz

А.Мұхамедиұлы: Қомақты ақшаға шетел әртістерін шақырмаймыз

28 желтоқсан 2018, 17:39

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елге келетін шетелдік танымал әртістердің бюджет ақшасының есебінен шақырылмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында көптеген шара өткізіліп, көпшіліктің үлкен қызығушылығын тудырды. Біздің министрліктің басты саясаты — ең бірінші кезекте өз өнерпаздарымызы таныту, көрсету. Шетелдік әртістер тек өзара тиімді шарттарға сай шақырылады. Жақында бізден София Ротаруды кім шақырып жатыр деп сұрады. Бізде жоғары деңгейдегі әртістерді Қазақстанда аса қомақты ақшаға шақыру саясаты жоқ», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Министрдің айтуынша, шетел әншілері демеушілердің қаражаты есебінен ғана шақырылады. «Біз ЭКСПО-2017 көрмесі аясында La Scala театрының әртістерін шақырдық. Бірақ ол кезде 260 адам «Эни» компания тобының арқасында келді. Пласидо Доминго Rolex маркалы сағат компаниясының арқасында өнер көрсетті», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде