jasqazaq.kz

Ақмола облысында мұғалім қазақ тілін тез үйрену жолын ойлап тапты (видео)

02 қазан 2017, 17:49

Ақмола облысында ауыл мұғалімі қазақ тілін тез үйренудің тың әдісін ойлап тапты. Аталған әдістемелік құрал орыстілді мектептердің 5-7-сынып аралығында оқитын балаларына қосымша оқулық ретінде дайындалған.

Кітаптың авторы тәжірибелі ұстаз Алтын Есмағұлованың айтуынша, үш бөлімнен тұратын еңбекке астаналық әріптесі екеуі 3 жылға жуық уақыт жұмсаған. Әдістемені француз оқулықтарына сүйене отырып жасапты. Ал оны биыл сала мамандары мақұлдап, сабақ барысында пайдалануға рұқсат берген. Алайда оның таралымы қазір өте аз. Сондықтан әдістемелік оқулықты әзірге Жақсы ауданына қарасты Қима ауылдық орта мектебінің мұғалімдері ғана қолданып жүр. Алтын Есмағұлова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: — Сабақтың тақырыбына байланысты оқушылардың диалогты құрып, оқытушы, оқушы және одан кейінгі екінші оқушы керісінше тізбектеле отырып, оқытушыға қайтадан жауап беру арқылы естеу сақтаулары жоғары деңгейге көтерілді деп айта аламын. Нәтижесінде осы биылғы республика көлемінде өткен өзге ұлт өкілдерінің арасындағы сайысқа осы мектептен 7 оқушы қатысып, солардың ішінде 4 үздік оқушы өз білімдерінің деңгейін көрсетті. Варвара Щитка, 3-сынып оқушысы: — Мен Көкшетауда конкурста бірінші орын алдым. Менің сыныпта достарым қазақша сөйлейді. Сіңлім қазақша сөйлейді. Сіңлімнің сыныбында достары қазақша сөйлейді. Атам, әжем қазақша сөйлейді.

 

24.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық