jasqazaq.kz

А. Есімов ірі инвесторлармен әріптестік орнатуды талқылады

11 маусым 2019, 9:43


Петербургтегі халықаралық экономикалық форумға арнайы барған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов осындай келісімге қол жеткізді. Ол жиын аясында бірқатар ресейлік және еуропалық компания басшыларымен бірнеше инвестициялық кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, неміс «Шнейдер Электрик» компаниясының өкілдерімен өткен кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тау-кен компанияларын цифрландыру және осы саладағы қазақстандық кадрларды жүйелі оқыту туралы келісті.
«Біз мұнайшыларға арналған оқу орталығын ашу туралы шешім қабылдадық. Шнайдер Қордың еншілес компанияларына қызметкерлерді дайындауға көмектеседі»,- деп атап өтті «Шнейдер Электрик» компаниясының Ресейдегі және ТМД елдеріндегі Президенті Йохан Вандерплаетсе.

Сонымен қатар, цифрландыру тақырыбы Ахметжан Есімовтің Ресей мен ТМД-да KPMG басқарушы серіктесі Олег Гощанскиймен кездесу барысында талқыланды. Тараптар қазақстандық компанияларға цифрландыру шеңберінде алдыңғы қатарлы құралдарды енгізу мүмкіндігін беру үшін KPMG компаниясының Орталық Азияда KPMG Digital Village ашу бойынша жобалары мен жоспарлары жұмысының жай-күйін, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-мен ынтымақтастықты талқылады.
Сондай-ақ, Қор басшысы Петербургтегі халықаралық экономикалық форум аясында ВТБ Банк Президентінің бірінші орынбасары — Басқарма төрағасы Юрий Соловьевпен «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысын және «AEON Corporation» директорлар кеңесінің төрағасы Роман Троценкомен полипропилен, алтын және азот-минералды тыңайтқыштарын өндіру жобаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу соңында А. Есімов «Лукойл» КАҚ» ҰК президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды және Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «I-P-2» жобасының шеңберінде ынтымақтастың негізгі шарттары келісілді.
Барлық кездесулердің қатысушылары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен қарым-қатынастардың жақсы динамикасын атап өтті, сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық климат посткеңістікте ең үздік деп танылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда