jasqazaq.kz

А.Баталов: кет десе, кез келген уақытта кетуге дайынмын

19 қараша 2019, 15:00


Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасары Бағдат Мәнізоровқа тағылған айыптар расталса, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

 «Кінәлі болып жатса, отставкаға кету керек болды. Бұл жағдай Алматы облысында емес, Алматыда болған. Менің жұмыстан кететінімді немесе орнымда қалатынымды тек үкімет басшылығы шешеді. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келдім, адал еңбек еттім. Кет десе, кез келген уақытта кетуге дайынмын. Немерелерімнің қасында боламын. Одан қорықпаймын», — деді Баталов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Мұның алдында облыс әкімі орынбасарын бұрыннан танитынын және кез келген адамның осындай жағдайға ұшырауы мүмкін екенін айтқан еді. Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. Ал 30 қазанда әкім орынбасарының жұмысқа шыққаны айтылды. Кейінірек Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтып берді. Ол бұл қылмыстық істердің артында белгілі адамдардың тұруы мүмкін екенін айтқан болатын. Ол адамдардың кім екенін анықтап жатырмын деген еді әкімнің орынбасары.

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда