jasqazaq.kz

Анасына қол көтерген Талдықорған тұрғыны 10 күнге қамалды

05 наурыз 2025, 13:03

Талдықорған қаласы сотының үкімі бойынша 33 жастағы қала тұрғыны анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оның іс-әрекеті ҚК-нің (Ұрып-соғу) 109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды.

— Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты, — делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылып, жазаны қатайтуға мүмкіндік берді.

Статистикаға сәйкес, тек 2024 жылы ҚК-нің 109-1-бабына сәйкес 161 адам, ал 2025 жылдың өткен мерзімінде 31 адам жауапқа тартылған.

Облыс прокуратурасы азаматтарды, егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз осындай жағдайға тап болса, немқұрайлы қарамай, полицияға міндетті түрде хабарлауға шақырады.

Құқықтық тәртіп органдары зардап шеккендерге көмек көрсетуге және заң аясында қорғау шараларын қабылдауға дайын.

Фото: Фото: Kazinform

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды