jasqazaq.kz

99 жастағы соғыс ардагеріне пәтер кілті табысталды

08 ақпан 2020, 11:47

Түркістан облысы Төлеби ауданында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагеріне пәтер кілті табысталды. Ардагер Рысмет Жұмағұловқа Леңгір қаласынан 2 бөлмелі үйдің кілті тапсырылды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Пәтер кілтін салтанатты түрде табыстау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев пен аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысты. Олар майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады.

99 жастағы ардагер бұған дейін Леңгір қаласындағы жеке үйде тұрған. Оған биылғы жылы болатын Жеңістің 75 жылдығына орай және де баспана кезегінің келуіне байланысты жаңа пәтердің кілті берілді. Төрт ұл мен бес қызды тәрбиелеп өсірген ақсақал баспаналы болып, зор қуанышқа кенелді.

Жалпы өңірде соғыс ардагерлеріне деген мемлекеттің қамқорлығы ешқашан толастамаған. Үнемі баспана беріліп, түрлі сый сыяпаттар тапсырылып отырады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия