jasqazaq.kz

96 млн теңге болатын контрабанда үшін екі азамат сотталды

27 қазан 2018, 14:40

Бас көлік прокуратурасы тексеру барысында 96 млн теңгеден астам сомаға экономикалық контрабанданың белгілері бар қылмыстық құқық бұзушылықты ашты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлайды.

Атап айтқанда, «AlemКazКargo» ЖШС атына келген автокөлікті тексеріп қарау кезінде кедендік рәсімдеуде айтылмаған тауарлар, яғни автобөлшектер, ұялы телефондарға қосалқы бөлшектер және басқа да заттар анықталды. Негізі бұл көліктің ішіндегі заттарды транзиттік декларация беру кезінде Алматы облысы бойынша МКД «Алтынкөл» кеден бекетінің маманы тексерген болатын. Серіктестік директорының заңсыз әрекеті және кеден маманының өз жұмысына адал қарамауы салдарынан мемлекетке 27 млн теңгеден астам шығын келді. «Облыстың екі аудандық сотының үкімімен экономикалық контрабанданы ұйымдастырғаны үшін (ҚК 234-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы) кәсіпкер 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, ал мемлекеттік орган қызметкеріне салғырттыққа жол бергені үшін (ҚК 371-бабының 2-бөлігі) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды» деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы. 96 млн теңгеден астам сомадағы контрабандалық заттар мемлекет кірісіне айналды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді