jasqazaq.kz

90-шы жылдары туған жігіттердің көбі белсіз екен

07 қазан 2020, 15:18

Тоқсаныншы жылдары туған жастардың қуаты кеміп, белсіздікке шалдығудың көрсеткіштері артуда. Нақтырақ айтсақ, тепсе темір үзетін жігіттер төсекте жарамай, бала сүюден қалған. Оған түрлі факторлар әсер етуде дейді дәрігерлер.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде белінің қуаты нашарларған жас жігіттердің қатары артуда. Осылай деп мамандар дабыл қағуда. Олар жүргізген зерттеу нәтижесі мұндай жағдай көбіне 90-шы жылдары дүниеге келген жас жігіттерде кездеседі дейді. Мәселен, дәрігер-эмбриолог Гүлнәр Бекбосынованың айтуынша, арнайы анализ тапсырған жігіттердің 50-60 пайызынның спермограммалары өзгеріске ұшыраған.

Гүлнәр Бекбосынова, дәрігер-эмбриолог, генетик:

«Соңғы зертеу нәтижесіне сүйнесек, 90-шы жылдан бері қарай туғандардың спермограммалары өзгеріске ұшыраған. Яғни, олардың белсенділігі төмендеген. Бұған простатит пен артық салмақ әсер еткен. Гормоналдық тұрғыдан да өзгерістер бар»
.
Урологтардың да айтары осы. Сандарға сүйенсек, еліміз бойынша 1 миллионға жуық ер азамат белсіздік дертіне шалдыққан. Оның түрлі формасы 20-25 жас аралығындағы жігіттерде жиі кездеседі екен. Солардың бірі – простатит!

Азиз Мұхамеджанов, №2 қалалық аурухананың андрология және ерлер денсаулығы бөлімінің басшысы:

«Ең көп тараған ауру қуық асты безінің қабынуы, зәр шығару каналдарының қабынуы. Бұның негізгі себептерінің бірі – жаңағы жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардаң себебінен болады. Ол жерге жаңаңғы инфекция түскенннен кейін сол аймақтағы органдар, қуық асты безі, зәр шығару каналдарын реттейміз және простатит аурулары жиі кездеседі».
«Жасыратыны жоқ, жаңа технологиялар да жастарға кері әсерін тигізуде» дейді мамандар. Мәселен, күнделікті қолданатын ноутбук, телефон, компьютер, планшеттен түрлі радиация бөлінеді. Одан қалды жастар телефондарын қалталарында жиі ұстайды. Мұның да зияны орасан зор.

Азиз Мұхамеджанов, №2 қалалық аурухананың андрология және ерлер денсаулығы бөлімінің басшысы:

«2000 жылғылар да да келіп жатады. Мұның көбісі дұрыс гигиена сақтамау, салауатты өмір салтын дұрыс жүргізбеу деп ойлаймын. Экологияның әсері бар, қазіргі таңда автомобильдер көп, ауа ластанған дейді. Сонымен қатар қазір көп жастар фастфуд, тез дайындалатын тамақтарды қолданғандықтан да болуы мүмкін».
Ал психолгтардың пайымынша, белсіздікке де стресстің әсері бар. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік желі, бәселекелестік, жұмыссыздық жастардың депрессияға ұшырауына әкеп соғады.

Ержан Мырзабаев, психолог:

«Бұл кісілер өмірінде өте көп стресс көрген кісілер. 90 жылдардағы қиындықты, 2000 жылдардағы кризисті, қазіргі кездегі әлеуметтік желі, жаңа технологияларды көрген бұл жастардың бойында жарысу өте бейім. 90-жылғыларды осы тұрғыдан қарауға болады. Ал 2000, 2010 қарайтын болсақ, олар да стресс одан да көп болады. Уақыт өткен сайын қоғамда өз орнын табу қиын болып бара жатыр».

Қысқасы, белсіздікті дер кезінде қолға алмаса, емі де соғұрлым қиындайды екен. «Сондықтан да бала сүюді армандаған әрбір отбасы бұл мәселеге ертерек назар аударған абзал» дейді дәрігерлер.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия