jasqazaq.kz

9 жастағы вундеркинд университет дипломын алады

13 қараша 2019, 12:33


 9 жастағы нидерландылық вундеркинд Лоран Симонс бірнеше айдан соң Эйндховендегі техникалық университетті тәмамдайды.
Осылайша ол жоғары оқу орнының дипломын алған ең жас түлек атанбақ. Әзірше бұл атақ 10 жасында Алабама университетін бітірген америкалық Майкл Карниге тиесілі. Лоран Симонс электротехника факультетінде оқиды. Университетке ол небары бір жыл бұрын түскен. Ал оған дейін орта және жоғары сынып оқушылары меңгеруі тиіс алты жылдық білім бағдарламасын 1,5 жыл ішінде меңгеріп, 8 жасында орта білім алғаны жөнінде аттестатқа қол жеткізген. Жазғы демалыстан кейін ол университетте білімін жалғастырды. Мұнда да жас талант оқу бағдарламасын өзімен бір топта оқитын студенттерден жылдамырақ меңгеріп кетті. Баланың IQ-і — 145, ол керемет есте сақтау қабілетіне ие. Лоранның айтуынша, оның сүйікті пәні — математика, себебі ол статистика, геометрия және алгебраны қамтиты. Зейінді жас болашақта кардиохирург болғысы келеді. Ол мектепте оқып жүрген кезінде Амстердам университеті медициналық факультетінің медицина курсын оқып алған екен. Лоранның анасы Бельгияда туған, ал әкесі голландиялық азамат. Өзі Бельгияда өмірге келген. Қазір отбасымен Нидерландыда тұрады.

ҚазАқпарат

 

 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда