jasqazaq.kz

9 сынып оқушысы Сирияға кетпек болған

03 қазан 2019, 11:36

Сирияға жиһадқа кетпекші болған 9 сынып оқушысын мешіт қызметкерлері қайтарып қалды. Бұл оқиға еліміздің батыс өңірінде болған.

Жасөспірімді райынан қайтаруға күш салған теолог, дінтанушы, Нұр Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты, республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Серік Еншібай осы оқиғаны айтып берді. «Мен «Шапағат» үкіметтік емес ұйымында еңбек етіп жүргенімде мешіт имамы шақырды. Барсам, Сирияға кетпек болған 9 сынып оқушысымен кездесуге шақырған екен. Әңгімеден байқағанымдай, бала өзі «Сирияға кеткім келеді» деп әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Артынша оған бірнеше адам байланысқа шыққан. Телефон нөмірін сұрап, шетелдік төлқұжат жасау, жолға жұмсалатын қаражат, кімдерден қарыз сұрау керек, не деп айту керек деген сияқты кеңес берген. «Қайда кететініңді ашық айтпа, Мысырға оқуға кетемін де» деп үйреткен. Оқушы енді кетемін деп жүргенде мешітте имамдардың уағызын естіген. Әлі ой-санасы қалыптаспаған жасөспірім бала имамның «Сирияға бармаңыздар, ол жақта мұсылманшылықтың иісі де жоқ, ол жақта ислам дінін саясат құралы ретінде пайдаланады» деген уағызынан ойланып барып, имамға жолыққан», — деді Серік Еншібай. Оқушымен теолог, психолог мамандар бірнеше рет кездескен. Психологтардың пікірінше, баланың миы теріс ағымға уланбаған. «Балада діни түсінік жоқ. Санасы уланбаған. Салафизм, уахабизм сияқты ағымдардан хабары жоқ. Ата-анасы ажырасқан болып шықты. Анасы басқа біреуге күйеуге тиген. Бәлкім жалғыздықтан ба, бәлкім бір өміріне өзгеріс енгізгісі келді ме, әйтеуір Сирияға кетем деп бел буған. «Мен шаршадым. Отбасымда жылу жоқ» деген жауап алдық», — деді теолог. 9 сынып оқушысы күйзеліске түсіп жанына желеу болатын жан таба алмай жүргенде әлеуметтік желіден, интернеттен Сириядағы бақытты ғұмыр туралы роликтер көрген. Бұл оқиғадан соң теологтар мен психологтар баланың ата-анасымен бірнеше мәрте кездесіп, әңгіме-дүкен құрған. Нәтижесінде оқушы қоғамға бейімделіп, әлеуметтік ортаға оралды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда