jasqazaq.kz

9-сынып оқушысы 40 жастағы еркекпен телефон арқылы некесін қиды

08 ақпан 2019, 17:09

Атырауда 9-сынып оқушысы 40 жастағы азаматпен телефон арқылы некелескен. Ересек адамның арбауына түскен қыздың әрекетінен ата-анасы хабарсыз деп жазады «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасаған nur.kz.

15 жастағы оқушының сөзінше, ер адам бұл жайында жақындарына айтпауға көндірген.

«Маған «Анама айтудың», «Ата-ананың рұқсат болуы, куәгер болуы» қажет еместігін айтты. Сөйтіп анама айтпай, некемді қидырдым.
Ешкімнің сөзіне құлақ асқан жоқпын. Кейінірек сабаққа баруды да доғардым. Есімнің бәрі сол адамда болды», — дейді көз жасына ерік берген Назира.
Ал бағдарлама жүргізушілерінің айтуынша, 40 жастағы ер адамның қызығы басылғанда Нәзираны телефон арқылы талақ айтып тастап кетіпті.

Бұл ақпаратты естіген «Ырыскелді» мешітінің наиб-имамы Естай Әбдіғалиев неке қиюдың шарттарын көпшілікке түсіндіре кетті.

«Неке қию шарттары бар. Оны барлық имамдар уағыздарында түсіндіреді. Неке қиюдың ең маңыздысы «халыққа жариялау». Яғни куәгерлер керек. Қазір ҚМБД тарапынан жас жұбайлардың ата-аналары, туған-туыс, бауырлары болуы керектігі айтылады», — деп сөзін түйіндеді наиб-имам.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда